02 наурыз 2020 12:18

Үкіметтегілер медициналық маска жетіспеушілігіне қатысты пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Үкіметтегілер неліктен дәріханаларда медициналық бетперделердің жетіспей жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтегілер неліктен дәріханаларда медициналық бетперделердің жетіспей жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, бүгінде расында да медициналық бетперделердің тапшылығы байқалады. Бастапқыда осы мәселе айтылғанда халық дүрлікті. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде осы жағдай. Сондықтан да, әрине, бетперде жетіспеушілігі бар. Мемлекет осы мәселені бақылауға алды. 

Реклама
Реклама

Қазақстанда бетперде жеткілікті болады. Тағы да қайталап айтамын, кейбір дәріханаларда бетперделер жоқ болса, бұл Қазақстан ештеңеге дайын емес деген сөз емес", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің айтуынша, қазақстандық компаниялар бір тәулікте 170 мың бетперде шығарып жатыр. Ал бір айда 5 миллион бетперде шығарылып жатыр. Қажет болған жағдайда 6,5 миллион бетперде шығаруға дайын екендерін айтады.

Еске салайық, мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі медициналық бетперде тапшылығына қатысты пікір білдіріп, қазақстандықтарға кеңес берген еді.

"Егер сау болсаңыз, сізге бетперде қажет емес. Бүгінде бетпердені медициналық ұйымдарға беруіміз керек. Себебі, ондағы медициналық қызметкерлер түрлі инфекция жұқтырған ауру адамдармен байланыста болады", - деген еді Біртанов үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram