Украина аумағының бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін - Трамптың арнайы өкілі

Фото:depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Украина өз жерінің бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін екенін меңзеді. Оның есесіне ел қауіпсіздік кепілдіктерін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Украина өз жерінің бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін екенін меңзеді. Оның есесіне ел қауіпсіздік кепілдіктерін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Келлогтың айтуынша, Украина өз халқының алдында дәл қазіргі ұстанымын сақтауы керек, бірақ соғысты тоқтату үшін Ресейге территориялық жеңілдіктер жасау жөнінде күрделі шешімдер қабылдауға мәжбүр болады. Осылайша ол Украина БҰҰ жанындағы өкілінің орынбасары Кристина Гайовишиннің "украин жері сатылмайды" деген сөздерін түсіндірді.

Сонымен қатар, Келлог Трамп командасы Ресей өкілдерімен бірге қауіпсіздік кепілдіктерін қамтитын "бейбіт жоспар" дайындағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Мен және Стив Уиткофф, Ресей тарапынан Кирилл Дмитриев, украиндар да қатысқан. Біз олар бас тартуы өте қиын болатын ұсынысқа келдік... Өзгерту керек тұстар бар, бірақ мұндай нәрселер келіссөздер барысында жасалады, ал президент мұны түсінеді. Қорытынды нәтиже туралы ойлаймын және келісімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін негіз бар деп санаймын", – деп түсіндірді Келлог.

Арнайы өкіл ресейліктер бұл жоспарға өз түзетулерін енгізуі мүмкін екенін де болжап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама