Украинадағы ауқымды шабуыл салдарынан 10 облыс зардап шекті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің жаппай шабуылы туралы мәлімдеді, салдарынан Украинаның 10 облысы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің жаппай шабуылы туралы мәлімдеді, салдарынан Украинаның 10 облысы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеленскийдің мәліметінше, Украина қалаларына 300-ден аса соққы дроны және 30-дан аса әртүрлі типтегі зымыран жіберілген. Қазір нысандарды жою жалғасып жатыр: дрондар әлі де әуеде. Құтқару жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.

"Донецк, Кировоград, Днепропетровск, Сумы, Херсон, Волынь, Запорожье, Николаев, Одесса, Житомир облыстары зардап шекті. Сумы қаласында маңызды инфрақұрылым бүлінген, бірнеше мың отбасы жарықсыз қалды. Шостка қаласына аралас соққылар жасалған. Одессада тұрғын үй зақымданған. Алты адам жарақат алды, олардың арасында бір бала бар. Өкінішке қарай, бір адам қаза тапты. Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Павлоградқа дрондар мен зымырандармен соққы жасалды. Тұрғын үй мен маңызды инфрақұрылым бүлінген. Қазір қажет жерлердің барлығында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, нысандарды қалпына келтіріп, адамдарға көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазды Украина Президенті әлеуметтік желілерде.

Реклама
Реклама

Ал осы уақытта Мәскеу мэрі Сергей Собянин 19 шілдеге қараған түні Ресей астанасына шабуыл жасаған 13 украин дронының әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерімен атып түсірілгенін мәлімдеді. Шабуыл салдарынан Домодедово мен Шереметьево әуежайларында жұмысқа шектеу қойылған.

Сондай-ақ, украин дрондарының сынықтары құлағаннан кейін Ресейдің Ростов облысында пойыз қозғалысы тоқтатылды. БАҚ мәліметінше, облыстың бір ауданында сынықтардың құлауынан тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстары өртеніп, жергілікті бірmтұрғын жарақат алған.

10 шілдеге қараған түні Киев те жойқын шабуылға ұшыраған болатын. Оның салдары Украина астанасының алты ауданында тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама