Ұлттық ұлан қызметкері Көкшетауда көлік ұрламақ болған күдіктіні ұстады

viewings icon 404
comments icon 0
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның әскери қызметкері Көкшетауда көлік ұрламақ болған адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық ұланның әскери қызметкері Көкшетауда көлік ұрламақ болған адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 қараша күні таңертең қаладағы үйлердің бірінің ауласында болған. Қызметтен соң үйіне қайтып келе жатқан кіші сержант Жеңіс Ахметов таңғы сағат 5:00 шамасында әйелінің "Біздің көлікті біреу оталдырды" деген сөзінен оянған. Аулаға шыққан ол бейтаныс біреудің оның көлігін ұрлап жатқанын көріп, бірден ізіне түскен.

Көрші аулаға бұрылған ұры кіші сержанттың көлігін тастап кетіп, басқа көлікті ұрламақ болған. Алайда гвардияшы ұрыны қуып жетіп, ұстап үлгерген.

Реклама
Реклама

Ұрлаушы ұсталғаннан кейін кіші сержант полиция шақырып, қылмыскерді оларға тапсырған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная