Ұлттық ұлан офицерлері Жамбыл облысындағы оқу-жаттығу кезінде жарақат алды

Фото: mod.gov.kz

Жамбыл облысында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұлан офицерлері аяқтарын жарақаттап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұлан офицерлері аяқтарын жарақаттап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес "Айша-Бибі" полигонында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен атыс оқу-жаттығулары өткен.

"Қауіпсіздік шараларын бұзудың салдарынан үш офицер аяқтарын аздап жарақаттап алды. Әскери қызметшілер Тараздағы емдеу мекемесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық, маңызды органдарына зақым келген жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама