23 шілде 2023 | 13:18

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды

21 шілде күні елордадағы студенттік саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

21 шілде күні елордадағы студенттік саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін өзі киімін шешіп, суға секірген.

12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен каноэсі аударылып, суға бата бастағаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Жауынгердің батыл және жылдам әрекеті оны ажалдан аман алып қалды. Әскери жасақтың барлық құрамы елордалық жедел бригада командирінің алғысына бөленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная