Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды - Тоқаев

Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жауынгерлеріміздің биік рухының символына айналды. Біз туған жерді қаһармандықпен қорғаған бабаларымыздың ерлігін дәріптеп, Отан үшін жанын қиғандарды жарық естелікпен еске аламыз. Сондай-ақ, бейбіт күнде ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздарға құрмет білдіреміз. Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де ауыр сын болды. Сол зұлмат жылдар соғыстың тек қайғы мен қасірет әкелетінін, бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін көрсетті", – деді ол.

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихындағы ажырамас бөлікке айналғанын және бүкіл адамзат үшін маңызды сабақ екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бұл – әрдайым есте сақтайтын ақиқат. Бүгінде арамызда сол сұрапыл соғыстан аман қалған ардагерлердің болуы – зор қуаныш. Құрметті ардагерлер, барша отандастардың атынан сіздерге шынайы алғысымды білдіремін! Майдангерлердің ерлігі – мәңгі жадымызда. Олардың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі мен жанқиярлығы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Сіздерге мың тағзым!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама