Ұшақ бортында өрт шықты - видео

Видео кадры

Қытайда Air China әуе компаниясының ұшағында литий батареясы салдарынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Қытайда Air China әуе компаниясының ұшағында литий батареясы салдарынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 18 қазанда Ханчжоудан Сеулге бағыт алған CA139 рейсінде болған.

Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушылардың бірінің қол жүгінде, орындықтардың үстіндегі жүк сөресіне қойылған литий батареясы өздігінен тұтанып кеткен.

Реклама
Реклама

Экипаж өртті жедел сөндірді. Бортта болғандардың ешқайсы зардап шеккен жоқ.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшақ Шанхай‑Пудун халықаралық әуежайына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болды.

Air China дерегінше, рейс таңғы 9:47-де ұшып шығып, Инчхонға 12:20‑да келуге тиіс еді.

Желіде жолаушы түсірген видео тарады. Кадрларда жолаушылар мен бортсеріктер жүк сөресінен шыққан жалынды сөндіруге тырысып жатқаны, корей тілінде "Тезірек!" деген айқай естілетіні байқалады.

Жолаушылардың бірі өрт шықпас бұрын қатты тарс еткен дыбыс естіген.

Бұл оқиға - Азияда литий батареяларының тұтануына байланысты тіркелген кезекті жағдайлардың бірі. Мұндай батареялар әуе сапарларының қауіпсіздігіне тәуекел тудыратыны жиі айтылып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама