Air Canada Express әуе компаниясының ұшағы Нью-Йорк әуежайында қону кезінде өрт сөндіру көлігімен соқтығысты. Ұшақ бортында шамамен 100 жолаушы болған, бірнешеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
CBS News мәліметінше, оқиға 22 наурызда кешке болған. Ұшақ соқтығысқан өрт сөндіру көлігі "басқа бір оқиға орнына" бара жатқан. Соқтығыс жолаушылар ұшақтың артқы бөлігінен түсіп жатқан сәтте болған. Соның салдарынан әуе кемесі айтарлықтай зақымданды.
Оқиғадан кейін Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайы уақытша жабылды. Рейстер кешігіп, кейбірі кейінге қалды.
Айта кетейік, 2009 жылғы қаңтарда Ла-Гуардия әуежайынан ұшып шыққан ұшақ құстарға соқтығысқан еді. Нәтижесінде ұшақтың екі қозғалтқышы істен шыққан. Алайда ұшқыш Чесли Салленбергер ұшақты суға сәтті қондырған. Бұл оқиға "Гудзондағы ғажайып" деген атпен белгілі, сол кезде жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекпеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!