29 қараша 2022 | 12:21

"Үштік газ одағы". Тоқаевтың баспасөз хатшысы Путинмен келіссөздің мән-жайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде "үштік газ одағын" құру мәселесін талқылағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде "үштік газ одағын" құру мәселесін талқылағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатқанын жазды.

"Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн", - деп жазды Желдібай Facebook-парақшасында.

Реклама
Реклама

Баспасөз хатшысының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды.

Еске салайық, 28 қарашада Тоқаев Мәскеуге ресми сапармен барды. Бұл Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы сапары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная