Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты instagram.com/meirzhach_tv

Қаржы пирамидасын жарнамалап, істі болған вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы пирамидасын жарнамалап, істі болған вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Өнер иесі ат үстінде шауып бара жатқан видеосын жариялап, темір тордағы уақыт үлкен сабақ болғанын айтты. Оның сөзінше, осы уақыт аралығында тыныштық тауып, өзін тереңірек тани түскен.

Реклама
Реклама

"Сыртта бостандығымнан айырылғаныммен, ішкі еркіндігімді таптым. Демек, осылай болуы керек еді. Өмір дайындаған сынақтан қашып, бақытты болу мүмкін емес. Жан ұмтылатын тәжірибеден өзіңді шектеуге болмайды. Маған уақыт пен түрлі рөлдерден тыс тыныштықта болып, өзімнің кім екенімді тану үшін оңаша қалу қажет болды. Кейде өзіңді жаңадан құрау үшін қирауға тура келеді. Осындай баға жетпес тәжірибе берген Жаратушыға алғыс айтамын, бұл жанымның жарқын саяхаты болды", – деп жазды Төребаев.

Еске салайық, 2023 жылғы 23 маусымда Алматыда Алмалы аудандық соты Мейіржан Төребаевты "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету ісі бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама