Вазадағы ақша. ҰҚК көлік вице-министрі ұсталған сәттің видеосын жариялады

Айжан Калиева Корреспондент
Вазадағы ақша. ҰҚК көлік вице-министрі ұсталған сәттің видеосын жариялады Кадрлер видеодан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің ұсталған сәтінен жедел түсірілген кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің ұсталған сәтінен жедел түсірілген кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып жатқаны көрінеді. Кейін тергеушілер оның үйіне тінту жүргізуге келеді. Тергеу әрекеттері барысында үйіндегі вазадан көп көлемде қолма-қол ақша тәркіленеді.

Бұған дейін ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сатжан Аблалиевтің ұсталғанын растаған болатын. Комитеттің мәліметінше, вице-министр пара алу күдігіне ілініп, сот санкциясымен қамауға алынған.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Сатжан Аблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат 2 тамызда тарады. Сол кезде оның пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған.

Сатжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік және коммуникациялар университетін бітірген.

2023 жылдың қазан айынан бері Көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама