ПОДЕЛИТЬСЯ
03 маусым 2023 | 10:08
Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінен шығып қалды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция астанасы Парижде өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция астанасы Парижде өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
WTA рейтингінде 58-орында тұрған қазақстандық теннисшінің қарсыласы америкалық Слоан Стивенс (30-орын) болды. Бірінші сетте америкалық 6:3 есебімен басым түсті, ал екінші сетте Юлия Путинцева 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Шешуші сетте қазақстандық 2:6 жеңіліп қалды. Осы сетте Юлия Путинцева жарақатына байланысты медициналық үзіліс те алды.
Матч 2 сағат 23 минутқа созылды.
Юлия Путинцева ойын кезінде бір эйс және екі қос қателік жасады. Сонымен бірге бес ұпай мен бес геймді қатар жеңді.
Айта кетейік, Слоан Стивенс US Open – 2017 жеңімпазы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также