Зеленский бұрынғы Рада төрағасын өлтірді деген күдікпен бір адамның ұсталғанын айтты

x.com/ZelenskyyUa

Украина президенті Владимир Зеленский бұрынғы Жоғарғы Рада төрағасы, халық депутаты Андрей Парубийдің өліміне күдіктіні ұстағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Украина президенті Владимир Зеленский бұрынғы Жоғарғы Рада төрағасы, халық депутаты Андрей Парубийдің өліміне күдіктіні ұстағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, бұл туралы Украина президенті 1 қыркүйек, дүйсенбіде әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

"Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко мен Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк Андрей Парубийді өліміне күдіктіні ұстағаны туралы жаңа ғана баяндады", – деді Зеленский.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жалғасып жатыр.

"Қоғамға бар ақпаратты жеткізуді тапсырдым. Құқық қорғаушыларға жедел әрі үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтамын. Бұл қылмыстың барлық қыр-сырын анықтау қажет", – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Кейін Зеленский бас прокурор Руслан Кравченкомен сөйлескенін, ол күдіктіге қатысты алдағы процестік шаралар туралы баяндағанын айтты.

"Күдіктінің алғашқы айғақтары бар", – деді ол.

Президенттің сөзінше, құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ол тергеуге атсалысқандардың барлығына алғыс білдірді. Сондай-ақ Ұлттық полиция, ІІМ, СБУ және прокуратураның барынша тиімді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Еске салайық, Парубий 30 тамызда Львов қаласының Франков ауданында қаза тапты. Полиция мәліметінше, белгісіз біреу жеткізу қызметінің курьері болып киініп, велосипедпен келіп, 54 жастағы саясаткерге оқ атқан. Оқиға орнынан жеті гильза табылған. Парубий дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Андрей Парубий – украин саясаткері, "Қызғылт-сары революция" мен Еуромайданның белсенді қатысушысы, Украина Жоғарғы Радасының бұрынғы төрағасы (2016–2019 жылдары).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама