Зеленский Киевтің Мәскеумен жаңа келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді

x.com/ZelenskyyUa

Украина президенті Владимир Зеленский сенбіде жариялаған видеоүндеуінде Киев Ресеймен жаңа келіссөздер кезеңін бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Обозреватель" басылымына сілтеме жасап.

Украина президенті Владимир Зеленский сенбіде жариялаған видеоүндеуінде Киев Ресеймен жаңа келіссөздер кезеңін бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Обозреватель" басылымына сілтеме жасап.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Мәскеуге алдағы аптада кездесу өткізуді ұсынған.

"Келіссөздер үдерісі жеделдетілуге тиіс. Мұны тоқтату үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керек. Ресей тарапы шешімдерден жалтаратын әрекетін тоқтатуы қажет: тұтқын алмасу, балаларды қайтару, адам өлтіруді тоқтату. Және ұзақмерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін мемлекет басшылары деңгейінде кездесу қажет. Украина мұндай кездесуге дайын", – деді Зеленский.

Реклама
Реклама

Ресей тарапына кездесуді нақты қайда және қашан өткізу ұсынылғаны белгісіз. Украинадағы бейбіт реттеу шарттарын талқылауға арналған Ресей мен Украина делегацияларының алдыңғы кездесулері 2 маусым мен 16 мамырда Ыстамбұлда өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама