“Зорлау дерегі бойынша арыз жазамыз” деп қорқытқан: Жетісуда бопсалаушылар ұсталды

“Зорлау дерегі бойынша арыз жазамыз” деп қорқытқан: Жетісуда бопсалаушылар ұсталды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысында адам бопсалаған 9 талдықорғандық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысында адам бопсалаған 9 талдықорғандық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық топ 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін әрекет еткен. Талдықорғанның 9 тұрғыны интернет арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен оларды пәтерлерге шақырған.

Тергеу деректері бойынша, одан кейін жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетілген. Олар жалған "зорлау дерегі бойынша полицияға арыз береміз" деп, "мәселені реттеу" үшін қомақты ақша талап еткен.

Реклама
Реклама

Талдықорған қалалық сотының үкімімен тоғыз айыпталушы Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша кінәлі деп танылып, оларға әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама