27 сәуір 2026 12:59

Қазақстанда жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары жоқ оқытушылар “тиімсіз“ деп аталды

Фото:depositphotos.com

Жасанды интеллектпен (ЖИ) жұмыс істеу дағдыларын меңгермеген оқытушылар тиімді білім бере алмайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бөлісу

Жасанды интеллектпен (ЖИ) жұмыс істеу дағдыларын меңгермеген оқытушылар тиімді білім бере алмайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 сәуірде Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған министр бүгінде ЖИ құзыреттілігі жоқ оқытушының кәсіби тұрғыда білікті болып қалуы қиындап бара жатқанын айтты.

"Бүгінде ЖИ құралдарын меңгермеген оқытушы тиімді білім беру қабілетінен объективті түрде айырылып бара жатыр", - деді Саясат Нұрбек.

Ол Қазақстанда осы бағыттағы кадрларды даярлау мәселесі қолға алынғанын еске салды. Президенттің АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп OpenAI компаниясымен келісімге қол қойылды.

Жарнама
Жарнама

"17 сәуірден бастап жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін OpenAI-дың жаңа ChatGPT Education агенті негізінде меншікті ЖИ-ассистенттерін әзірлеуге оқыту басталды. Бұл жүйе деңгейінде ЖИ-дың білім сапасына әсерін алғаш рет бағалауға және оқыту моделінің өзін қайта қарауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды министр Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, келісімге қол қойған жоғары оқу орындарының барлық педагогтері үшін 62 800 лицензия қолжетімді.

"Бірінші жылдың қорытындысы бойынша біз жоғары оқу орындарындағы оқу жүктемесінің нормативтері мен оқыту модельдерін қайта қарау үшін эмпирикалық база аламыз", - деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Жасанды интеллект университеті ашылатынын хабарлап, оны ғылым мен білім саласындағы маңызды оқиға деп атаған болатын.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы уақытта жасанды интеллект және deeptech-технологиясына қатысты тағы да 100 мың маман даярлау керек.

Пікірлерді оқу