27 сәуір 2026 12:24

Қазақстанда жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа дайын емес екені айтылды

Фото:depositphotos.com

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) жоғары білім саласына тексеру жүргізіп, қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің мамандығы бойынша жұмыс істеуге әрдайым дайын бола бермейтінін анықтады. Бұған мамандарды даярлау деңгейінің төмендігі себеп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бөлісу

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) жоғары білім саласына тексеру жүргізіп, қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің мамандығы бойынша жұмыс істеуге әрдайым дайын бола бермейтінін анықтады. Бұған мамандарды даярлау деңгейінің төмендігі себеп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Тілеген Каскиннің мәліметінше, аудит нәтижелері білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесі көбіне қағаз жүзінде қалып отырғанын және түлектердің нақты құзыреттеріне нашар бағдарланғанын көрсеткен.

"Ұлттық аккредиттеу агенттіктері бағалаудың 80 пайызына дейін жоғары оқу орындарының ішкі ресурстары мен процестеріне береді, ал жұмыс берушілердің пікірі мен жұмысқа орналасу көрсеткіштерінің үлесі небәрі 5 пайыз шамасында ғана", — деді Каскин Мәжілістегі үкімет сағатында.

"Атамекен" ҰКП бағалауы бойынша, көптеген білім беру бағдарламалары формальды түрде жасалған: практикалық дайындық жеткіліксіз, өндірістік кейстер жоқ, ал оқу жоспарларында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды қоса алғандағы заманауи талаптар ескерілмеген.

Жарнама
Жарнама

Соның салдарынан түлектер нақты экономика мен кәсіби қызмет талаптарына жеткілікті деңгейде дайын болмай шығады.

Аудиторлар тағы қандай мәселелерді анықтады?

Стратегиялық жүйеліліктің жоқтығы

Стратегиялық құжаттардың жиі ауысуы, талаптардың төмендеуі және нысаналы көрсеткіштердің (ЖОО рейтингілері, жұмысқа орналасу) нашарлауы.

Мемлекеттік бақылау мен цифрландырудың әлсіздігі

Тексерулер іс жүзінде жүргізілмейді, жүйелер интеграцияланбаған, мәліметтер қолмен енгізіледі — бұл талаптарды айналып өтуге (мысалы, шетелдік ЖОО-лардан ауысу арқылы) мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тапсырыс пен еңбек нарығы арасындағы алшақтық

Мыңдаған сұранысқа ие емес гранттар, мамандық бойынша жұмысқа орналасудың төмен үлесі (әсіресе IT саласында).

Мемлекеттік тапсырысты әкімшілендірудегі түйткілдер

Қаражаттың ашық бөлінбеуі, гранттар беру кезіндегі заңбұзушылықтар, орталықтандырылған есептің жоқтығы.

Оқудан шығару және міндетті жұмыспен өтеу кезіндегі тәуекелдер

Оқудан шығарылған студенттерге миллиардтаған теңге жұмсалған, бірақ қаражатты қайтару механизмі қарастырылмаған; міндетті жұмыспен өтеуден жалтару схемалары бар.

Жоғары оқу орындарының инфрақұрылымдық және басқарушылық мәселелері

Жатақхана тапшылығы, мәліметтердегі сәйкессіздіктер, сонымен бірге қаражаттың басымдығы жоқ шығындарға бағытталуы.

Бұған дейін ЖАП "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендиялар іс жүзінде талаптарға сай келмейтін қазақстандықтарға берілгенін мәлімдеген болатын. Жалпы алғанда 7,7 миллиард теңге "босқа" жұмсалған.

Пікірлерді оқу