Қазақстандық оқушылар Швецияда өткен физикадан еуропалық олимпиадада үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengri Edu.
Қазақстандық оқушылар Швецияда өткен физикадан еуропалық олимпиадада үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengri Edu.
Не болды?
Швецияның Гетеборг қаласында физикадан 10-шы Еуропалық олимпиада (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) аяқталды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы беделді халықаралық жарысқа әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты.
Қазақстан құрамасы төрт медаль – үш күміс және бір қола еншіледі.
Күміс жүлде иегерлері атанғандар:
- Арғын Сейтқамит – Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
- Тайыр Әбдіқадыр – Қостанай облысы "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Мерген Сабыров – Астана қаласы Nurorda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
Қола медальді Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы Абылайхан Жоламан жеңіп алды.
"Қазақстандық оқушылардың кезекті жетістігі жас физиктердің дайындық деңгейі жоғары екенін дәлелдейді және халықаралық білім беру кеңістігінде ел беделін нығайтуға ықпал етеді", – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Ведомство оқушыларды олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Бекмырза Бейсенов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Темірлан Исмағұлов дайындағанын атап өтті.
Пікірлерді оқу