Павлодарда екі мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері желіде тарап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Павлодарда екі мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері желіде тарап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Қадағалау органының хабарлауынша, облыс орталығындағы мектептер мемлекеттік сатып алу порталында медициналық тексеру қызметтерін сатып алу туралы хабарландырулар орналастырған.
"Бұл ретте 28 білім беру ұйымы конкурстық құжаттамада өз қызметкерлерінің жеке деректерін, соның ішінде анкеталық мәліметтерін, тұрғылықты мекенжайларын, байланыс телефон нөмірлерін жариялауға жол берген", - деп хабарлады прокуратура.
Мұғалімдердің жеке деректерінің таралуы, еңбек заңнамасы нормаларын бұзумен қатар, оларды алаяқтық мақсатта пайдалану қаупін тудырғаны атап өтілді.
Павлодар қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша білім беру саласының 2 065 қызметкерінің жеке деректері ашық көздерден жойылды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Пікірлерді оқу