2015 жылы Қазақстанда 14 тарихи ескерткіш қалпына келтіріледі

Арыстан баб кесенесі. ©on.kz

Биыл Қазақстанда 14 тарихи ескерткіш қалпына келтіріледі. Бұл туралы "ҚазАқпарат" "Қазреставрация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Қанат Тұяқбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

"2015-2017 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, біз 30 тарихи-мәдени нысан бойынша жұмыс істейтін боламыз. Оның ішінде биыл 14 ескерткішті жөндеу жоспарланып отыр", - деді Тұяқбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

"Қазреставрация" мекемесінің басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылдан бері қолға алынған "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Қазақстанда республикалық маңызы бар 73 тарихи-мәдени және рухани ескерткіштің қалпына келтірілгенін еске салып өтті. 

Реклама
Реклама

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама