Айман Мұсақожаеваға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

Айман Мұсахождаева. Сурет -Ярослав Радловский

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы "Қазақ ұлттық өнер университеті" ММ ректоры Мұсақожаева Айман Қожабекқызына берілсін" делінген ҚР Президенті Жарлығындағы мәтінінде.

Айман Мұсақожаева - қазақстандық танымал скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1998 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясының негізін қалап, оған ректор боп тағайындалған. 2009 жылдың 12 қазанында бұл академия Қазақ ұлттық өнер университеті боп өзгертілді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған мемлекеттік наградалар депутаттарға, мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлеріне, өндіріс, бизнес саласының өкілдеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскерилерге, өңір басшыларына да бұйырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама