"Алдараспан" әзіл-сықақ театрының актрисасы қайтыс болды

© baistars.kz

Актриса Гүлжанар Сазанбайқызы дүниеден озды, - деп хабарлайды Baistars.kz

Порталдың мәліметінше, актриса ауыр науқастан көз жұмды. 

"Бүгін Оңтүстік шоқ жұлдызы, өнерлі де, талантты қызы Гүлжанардан айрылып қалды. Қанша мадақтасақ та жарасатын, ақылды да парасатты Гүлжанарымыз биыл тұрмысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген еді. Бірақ сұм ажал оны арамыздан алып кетті. Бәрімізге де ауыр тиді бұл қаза, жаның жаннатта болсын деуден басқа амалымыз жоқ", - деп жазды актрисаның әріптесі Айнұр Ақбаева Facebook желісіндегі жеке парақшасына.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Гүлжанар Сазанбайқызы "Алдараспан" театрының негізін Нұржан Төлендиевпен бірге қалаған. ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрында да қолтаңбасын қалдырып үлгерді. Сонымен қатар, бірнеше телевизиялық жобаларға түсіп, "Шаншар", "Шымкент-шоу" әзіл-сықақ театрларында да өнер көрсетті. Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу байқауының бас жүлде иегері. Облыстық Қазақстан-Шымкент телеарнасында бірнеше жыл тележүргізуші болып қызмет атқарған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама