Әлемдегі ең көне театр "Астана Опера" сахнасында өнер көрсетеді

© Аstanaopera.kz

Әлемдегі ең көне Сан-Карло театры Қазақстанға алғаш рет гастрольдік сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана Опера" театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар 5 және 6 шілдеде "Астана Опера" театрында Адольф Аданның "Жизель" балетін қояды. Жизель партиясын әлемге танымал норвегиялық балерина Иоланда Корреа орындаса, Йоэль Карреньон ханзада Альберттің рөлін сомдайды.

Сюжетте Жизель есімді ауыл қызының шаруа болып киінген ақсүйек Альбертке ғашық болғаны баяндалған. Жизель жігіттің де өзін сүйетініне сенімді болады. Ол Альберттің қалыңдығы бар екенін білмейді. Көп ұзамай шындық ашылады. Жизель құсадан көз жұмады. Ар-ұяты қинаған Альберт түн ішінде оның қабіріне келгенде, қыз оны виллисалардан құтқарады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 60 адамнан тұратын театрдың балет тобы "Жизель" балетін дүние жүзінде ең үздік орындайтындардың бірі.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама