22 маусым 2021 | 10:47

Алматылық модель ELLE Arabia журналының мұқабасына шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Кристина Менисова. Сурет жеке мұрағаттан

28 жастағы алматылық модель Кристина Менисова ELLE Arabia басылымының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

28 жастағы алматылық модель Кристина Менисова ELLE Arabia басылымының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түсірілім Лос-Анджелесте әйгілі сән фотографы Джой Стротцпен өткен.

Реклама
Реклама

Кристина Менисова АҚШ-қа бес жыл бұрын Алматыдан көшіп барған. Сол жақта модельдік мансабын бастады. Ол қазірдің өзінде Michael NGO, Fashionnova, PrettyLittleThing, Michael Costello, Roberto Cavalli, Jovani Dresses сияқты америкалық және әлемдік брендтермен жұмыс істеп үлгерген.

Кристина Лос-Анджелес пен Майамиде өткен сән апталығындағы шоуларға қатысқан. Сонымен қатар, Кристина танымал америкалық рэпер Tyga-мен бірге Ibiza әнінің бейнеролигіне түскен.

Модель музыкалық бағытта мансабын бастауды армандайды. Кристина Алматы консерваториясының вокал және дирижерлеу бөлімін бітірген.

Ол америкалық Umberto DJ және латын жанрында ойнайтын әйгілі Gipsy Kings тобымен бірге ән айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная