ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2017 | 21:13
Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтой кеші өтті
Бүгін Әуезов театрының сахнасында Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтой кеші өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Әуезов театрының сахнасында Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтой кеші өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Театр артистері мен "Салтанат" би ансамблі қатысқан кеште, театр мен кино актері ретро машинамен шығып, белгілі әнші Бибігүл Төлегеновамен "Еңлік-Кебек" спектаклінен үзінді орындады.
Асанәлі Әшімовтің мерейлі қуанышына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова арнайы келді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мерейтоймен құттықтап, Елбасының құрмет грамотасын табыс етті.
Сонымен бірге, Асанәлі Әшімовті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы - Қайрат Мами, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары - Мұхтар Құл-Мұхаммед, КСРО Халық артисі, Ресей мемлекеттік сыйлықтарының иегері, актер, режиссер - Олег Табаков және КСРО Халық артисі, Армения мемлекеттік сыйлықтарының иегері - Армен Джигерханян, Ресейдің халық артисі Никита Михалков құттықтау хаттарын жолдаған.
Жазушылық қырымен де танылған Асанәлі Әшімовтің бұл кешінде Қазақстанның халық артисі, 100 жастағы Айша Абдуллина, Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин қонақ болды.
Кеш соңында Асанәлі Әшімов жиналған қауымға ақ тілегін арнап, батасын берді. Қазақ театры мен киносының майталманы Асанәлі Әшімовтің бұл мерейтойы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік "ЭКСПО-2017" көрмесінде де жалғасады. Нақтырақ айтсақ, актердің атында Дүниежүзілік театр фестивалі ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген театр ұжымдары өз өнерін жиналған қонақтардың назарына ұсынатын болады.
Показать комментарии
Читайте также