"Астана Опера" мен "Ла Скала" футбол ойнады

Фото "Ла Скаланың" Twitter-дегі ресми аккаунтынан алынды

"Астана Опера" мен италиялық "Ла Скала" театрларының ұжымы футболдан өзара жолдастық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын 7:1 есебімен аяқталып, қонақтардың пайдасына шешілді. "Астана Опера" театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов матчта достық жеңгенін атап өтті. 

"Командалар жеті адамнан тұрды: бір голкипер және алты ойыншы. Негізінен, техникалық қызметкерлер ойнады, себебі балет әртістеріне жарақат алуға болмайды. Матчтан соң команда мүшелері достық пен құрметтің белгісі ретінде жейделерімен алмасты. Сонымен бірге, екі команда ойыншылары бір-біріне өз қолдары қойылған доптарын сыйға тартты. Италиялық командадан алынған добымыз "Астана Опера" театрының музейіне қойылады", - деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Италия театры өз гастрольдік туры аясында футбол кездесулерін дәстүрлі түрде өткізіп тұрады. Еске салайық, "Ла Скаланың" 100-ден астам адамнан тұратын балет труппасы 25 маусымға қараған түні Астанаға келген болатын. "Дон Кихот" балетінің тұсаукесері 30 маусымнан 4 шілдеге дейінгі аралықта көрсетіледі.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама