18 тамыз 2017 | 17:20

Астанада "Арт дала: кеңістік пен уақыт арқылы өткен диалог" көрмесі өтіп жатыр

Астанада ҚР Ұлттық мұражайында "Арт дала: кеңістік пен уақыт арқылы өткен диалог" көрмесі өтіп жатыр. Бұл жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының жетекшілігімен іске асырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада ҚР Ұлттық мұражайында "Арт дала: кеңістік пен уақыт арқылы өткен диалог" көрмесі өтіп жатыр. Бұл жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының жетекшілігімен іске асырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл экспозиция Қазақстан мен Ресейдің заманауи кескіндемесін дамыту үрдісінің шығармашылық емтиханына айналды. Мұнда бірнеше маңызды беталыстар байқалады: көрнекі бейнелердің есте қаларлықтай әр алуандағы, академиялық мектеп анықтап берген заттық және заттық емес шешімдерде кескіндемелік-пластикалық тілдің жоғары мәдениеті және әдетте бірінші рет қабылдағанда оқыла қоймайтын семантикалық аппеляциялардың көпқырлылығы.

Реклама
Реклама

Көрменің қатысушылары - халықаралық сахнада кеңінен мойындалған қазақстандық және ресейлік танымал авторлар. Никита Фомин, Александр Чувин, Хамид Савкуев, Клим Ли, Константин мен Екатерина Грачевтер - Ресей көркемөнер академиясының И.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтының түлектері. Олардың кейбірі шығармашылық жұмысты оқытушылық қызметпен қатар атқарады, ал басқалары өзін алуан түрлі өнерде - графикада, монументалды өнерде, contemporary-art көрсетеді.

Қазақстандық суретшілердің аттары да кеңінен танымал - олар Асқар Есдәулетов, Андрей Нода, Ғалым Маданов, Марат Бекеев, Елена мен Владимир Григоряндар және басқалары. Олардың әр біреуі кез келген экспозициялық мәнмәтінде танылатын және есте қалатын өзінің авторлық кескіндемелік-пластикалық жүйесі бар бұрыннан орныққан шеберлер.

Осылайша, біртұтас көрме кеңістігінде шығармашылығы жақын, бірақ дүниеге әр түрлі көзқарасы бар - екі әр түрлі кескіндеме мектебі кездесіп диалог орнатты, өзара байланыс пен әр алуан шығармашылық жаңартуларды тапты. Егер ресейлік шеберлер өмір суреттерін реалистік бейнелеуге құштар болса, қазақстандық шеберлер қабылдау мен түсіндірудің шығыс мәдениетінің онталогиясына тән қалыптасқан бейненің философиялығына, символикалығы мен декоративті мәнерлігіне құштар.

Мұндай кездесулердің қажеттілігі зор, олар шығармашылықтың шекарасын кеңейтеді, өмірді көркем тануда ары қарайғы ізденіс пен ашылулар үшін қуат береді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная