Астанада суретші Жеңіс Молдабековтің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған "Ұлы дала сыры" көрмесі өтеді

Астанада суретші Жеңіс Молдабековтің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған "Ұлы дала сыры" көрмесі өтеді © 24.kz

Б?гін "Астана" ?лтты? сурет галереясында Т?уелсіздігімізді? 25 жылды?ына арнал?ан Астана ?аласы жас суретшілер ода?ыны? м?шесі Же?іс Молдабековті? "?лы Дала сыры" жеке к?рмесі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?кімдігіні? ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін "Астана" ұлттық сурет галереясында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған Астана қаласы жас суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Молдабековтің "Ұлы Дала сыры" жеке көрмесі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрме 2016 жылғы 14 қарашаға дейін өтеді. Онда жас суретшінің қазақ халқының тұрмыстық және мәдени өмірінен алынған таңғажайып пейзаждар, натюрморттар мен қазақ аруларының сұлу бейнелерін суреттеген туындылары қойылады.

Суретші жас болғандығына қарамастан, оның шығармашылық туындылары танымал және көпшіліктің көзаймына айналып үлгерді. Жеңістің еңбектері философиялық ойларға, нәзік сезімге толы. Қазақ халқының тарихын білетіндігін, Жібек Жолын бойынан орын алған Отырар мен Түркістан секілді байырғы қалалардың (суретшінің туған өлкесі) тарихының дамығандығын оның туындыларынан байқауға болады. Жеңістің туындылары еліміздің музейлерінде сақтаулы және Қазақстан мен шетелдің жеке коллекцияларының қатарынан орын алған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама