Астанадағы Ұлттық опера және балет театры жабылады

Астанадағы Ұлттық опера және балет театры жабылады Фото art.gazeta.kz сайтынан алынды

Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры жабылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөніндегі Үкімет қаулысы 3 ақпанда қабылданған. "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылы 1 наурызда шыққан Заңына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жабылсын", – делінген 3 ақпанда шыққан қаулыда.Сонымен қатар, Ұлттық опера және балет театрын ашу жөніндегі 2000 жылдың 22 қаңтарында шыққан қаулы күшін жоғалтқан болып танылды.
Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама