23 қыркүйек 2020 | 08:55

Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

© America's Got Talent

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоудың 15-маусымының финалын 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Қазақстандық әншінің өнері конкурстың You Tube каналында және Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Реклама
Реклама

Төлешова австралиялық Сианың Alive әніне кавер орындады.

"Бұл күрделі композиция, бірақ уақыт аз болса да, соны таңдадық. Қолдау көрсетіп, жазып жатқандарға рақмет, бұл - өте маңызды", - деді Данэлия Төлешова.

Финалға 10 әртіс қатысты, оның алтауы - түрлі жастағы әншілер. Енді финалға шыққандарға тәулік бойы дауыс береді және нәтижесі ертең жарияланады.

Еске салайық, шоудың өткен кезеңінде Данэлия Төлешова тәулік ішінде көрермендер көп дауыс берген фавориттердің қатарында болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram