Досжан Табылды Брюс Ли болып биледі

Досжан Табылды, балет бишісі

?аза?станны? Т???ыш Президенті ?орыны? лауреаты, балет ?ртісі Досжан Табылды Боюс Ли туралы би орындады - The Drag­on dance (Айда?ар биі). Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты, балет әртісі Досжан Табылды Боюс Ли туралы би орындады - The Drag­on dance (Айдаһар биі). Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

Трейлер форматындағы видеоролик әйгілі Брюс Ли туралы түсірілген, нақтырақ айтқанда оның голливудтық "Игра смерти" деп аталатын картинасының желісінде түсірілген. Жаңа видеороликтің сюжеті бойынша бас кейіпкер жапон композиторы Широ Сагисудың (Shiro Sagisu) A Fight­ for Our Motherland музыкасына классикалық балет билеп, басқа би мәнерлерімен жарысады. 

Реклама
Реклама

Роликте күрделі би элементтері, классикалық балет өнерінің қимыл-қозғалыстары орындалады. 

"Аңызға айналған Брюс Лидің образы арқылы жастардың назарын балетке аударып, балеттің би өнерінің шыңы екенін көрсеткіміз келді", - дейді Досжан Табылды. 

Миллиондарға үлгі болған Брюс Ли рөлінде Досжан Табылды ойнайды. Түрлі би мәнерлерінің шеберлерін қазақстандық белгілі бишілер орындаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама