ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2023 | 10:12
Қарағандыда 8 жастағы қыз шаштараздар байқауында жеңімпаз атанды
Қарағандыда 3-сынып оқушысы Альмира Қабденова "Әдемілік әлемі" шаштараз байқауында ең жас жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда 3-сынып оқушысы Альмира Қабденова "Әдемілік әлемі" шаштараз байқауында ең жас жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
25 минутта Альмира Қабденова қазылар алқасы мінсіз деп таныған шаш үлгісін жасап шыққан.
Ата-анасының айтуынша, қыздың шаштаразға деген қабілеті бір жыл бұрын пайда болған. Қуыршақтарға күрделі шаш үлгілерін жасап жүргенін көрген ата-ана қызын Оқушылар сарайына апарған. Аз уақыттың ішінде Альмира сұлулық студиясының үздік студенттерінің біріне айналды. "Өскенде жеке сән үйімді ашамын", - дейді кішкентай шаштараз.
Жаңа стилистер байқауға дайындалып, жүлделі орындарға ие болған. 8 жасар Альмираның "Жас шаштараз" сертификаты бар.
egram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также