08 қазан 2021 10:29

Қазақстан атынан Junior Eurovision байқауына қатысатын үміткерлер белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/junioreurovision Фото:facebook.com/junioreurovision

19 желтоқсанда Парижде Junior Eurovision Song Contest байқауында ел намысын қорғайтын қатысушыны анықтау үшін қазақстандықтар арасында дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


19 желтоқсанда Парижде Junior Eurovision Song Contest байқауында ел намысын қорғайтын қатысушыны анықтау үшін қазақстандықтар арасында дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Өтінімдерді қабылдау 29 қыркүйекте басталды. Ұйымдастырушыларға Қазақстанның 17 өңірінен 819 өтінім келіп түсті. Кеше, 8 қазанда қазылар алқасы үздік 30 жас орындаушыны іріктеп алды.

Бүгін онлайн-дауыс беру басталды, ол 12 қазанға дейін жалғасады. Дауыс беруге барлық қазақстандықтар қатыса алады. Ол үшін jevision.khabar.kz сайтына өтіп, қатысушылардың видеоларын тамашалап, ұнаған қатысушыға дауыс бере аласыз.

Қазылар алқасы дауыс беруге таңдаған балалардың тізімі:

  • Семейден 11 жастағы Аңсар Әділханов;
  • Атыраудан 12 жастағы Айнель Асқарова;
  • Алматыдан 12 жастағы Сабрина Әділбек;
  • Нұр-Сұлтаннан 14 жастағы Есет Әлжанов;
  • Нұр-Сұлтаннан 12 жастағы Әйгерім Амантай;
  • Алматы облысынан 10 жастағы Шерхан Арыстан;
  • Ақтаудан 11 жастағы Әмина Асғатова;
  • Екібастұздан 13 жастағы Алтын Байтас;
  • Страсбургте (Франция) тұратын 8 жастағы астаналық Бекнұр Жәнібекұлы;
  • Нұр-Сұлтаннан 14 жастағы Дінмұхамед Беріков;
  • Ақмола облысынан 14 жастағы Исатай Болатханұлы;
  • Алматы облысынан 11 жастағы Аружан Ермек;
  • Алматылық 13 жастағы Әйгерім Есмурзаева;
  • Алматы облысынан 10 жастағы Әбілқайыр Жұмабай;
  • Талдықорғандық 9 жастағы Інжу Есімжан;
  • Нұр-Сұлтаннан 12 жастағы Адель Кунадилова;
  • Алматыдан 11 жастағы Айя Құрманғали;
  • Алматыдан 12 жастағы Жан Маким;
  • Алматыдан 9 жастағы Баян Мұхиден;
  • Нұр-Сұлтаннан 14 жастағы Ақнұр Нұржанова;
  • Шымкенттік 11 жастағы Сағын Өмірбайұлы ;
  • Ақтаудан 13 жастағы Армен Саакян;
  • Алматы облысына 13 жастағы Камила Ағымбай;
  • Нұр-Сұлтаннан 12 жастағы Далия Смағұлова;
  • Нұр-Сұлтаннан 9 жастағы Адина Суленова;
  • Нұр-Сұлтаннан 13 жастағы Екатерина Табарина;
  • Нұр-Сұлтаннан 14 жастағы Аяна Төленова;
  • Ақсайдан 12 жастағы Түгелбай Әлімжан Түгелбай, Батыс Қазақстан облысы;
  • Оралдан 11 жастағы Алинур Хамзин;
  • Нұр-Сұлтаннан 13 жастағы Ева Ширко.
    Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша ұлттық іріктеудің финалистері анықталады.

Финалда жас таланттар өз әндерін орындайды. Оларға музыкалық шығармаларды қазақстандық композиторлар арнайы жазады.

Жеңімпаз қазылар алқасы мүшелерінің бағалары мен SMS-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Ең көп балл жинаған үміткер 19 желтоқсанда Париждегі La Seine Musicale концерт залында Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Қазақстан аумағында Junior Eurovision Song Contest байқауын "Хабар" телеарнасы көрсетеді.

Еске салайық, бұл - Қазақстанның шоуға төртінші рет қатысуы. Қазақстан алғаш рет Junior Eurovision байқауында 2018 жылы өнер көрсетті. "Өзің сен" әнін орындаған Данэлия Төлешова ел намысын қорғап, алтыншы орын алды. 2019 жылы Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен екінші орын алды.

2020 жылы пандемияға байланысты байқау қашықтан жүргізілді, барлық қойылым жазба арқылы ұсынылды. Байқауда Қазақстан атынан Қарақат Башанова Forever әнімен өнер көрсеткен еді, қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша ол 13 қатысушының арасында екінші болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети