06 сәуір 2021 14:13

Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы байқаудың гранд-финалына шықты

Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының гранд-финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының гранд-финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, сондай-ақ қазіргі заман композиторлары туындысынан попурри орындады. Әлемдегі жағдайға және шекараның жабылуына байланысты барлық үміткер қашықтан студияда дыбыс жазды. Онлайн қазылар алқасы гранд-финалға қатысушыларды іріктеп алды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Golden Time Talent ұйымдастырушылары АҚШ-тағы Халықаралық байқауда алтын медаль жеңіп алған қазақстандықтардың талантын байқап, финалға қатысуға шақырған.

Енді қос музыкант 23-27 мамыр аралығында Лос-Анджелесте өтетін үлкен финалға қатысады.

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүргенде танысқан. Айта кетейік, дуэт 2017 жылы құрылған. Олар Димаш Құдайбергеновпен I'm a Singer байқауына Қытайға да барған. Олар Түркияда, Израильде, Еуропа қалаларында өнер көрсетіп үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram