ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2022 | 12:29
Қазақстандық КВН командасы Минскідегі халықаралық лигаға өтті
Қазақстандық "Жыланы" командасы Минскідегі халықаралық лигада өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық "Жыланы" командасы Минскідегі халықаралық лигада өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Команда Сочидегі "КиВиН-2022" халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша КВН-нің ең мықты телевизиялық лигаларының біріне жолдама алды. Минскідегі чемпионат КВН жоғары лигасында ойнауға мүмкіндік береді.
"Осындай ауқымды шараға алғаш рет қатысқан команда үшін бұл үлкен жетістік әрі қажырлы еңбектің нәтижесі. Енді мақсатымыз - Минск халықаралық лигасын жеңіп алу және КВН жоғары лигасына қатысу", - деді КВН команданың капитаны Әлішер Хамидуллин.
"Жыланы" КВН командасы 2017 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жанынан құрылды. Сол жылы олар Алматы КВН лигасында ойнап, бірінші орынды жеңіп алды.
2018 жылы команда "БАС лигаға" қатысты. Оның редакторлары - белгілі әзілкештер Еркебұлан Мырзабеков пен Марат Оралғазин. Төрт маусымды жеңіп, 2021 жылы "БАС Лиганың" вице-чемпиондары атанды және Сочидегі фестивальге шақыру алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также