Қазақстандық өнерпаз "Танцы на ТНТ" шоуында үшінші орын алды
Алматылық Александр Ли ресейлік "ТНТ" телеарнасындағы "Танцы" шоуында қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық Александр Ли ресейлік "ТНТ" телеарнасындағы "Танцы" шоуында қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенбі, 22 желтоқсанда төрт айға созылған "Танцы на ТНТ" бесінші маусымы аяқталды. 21 жастағы Тула (Ресей) қаласының тумасы Алексей Летучий жеңімпаз атанып, үш миллион рубльді қанжығасына байлады.
Публикация от ТАНЦЫ на ТНТ ПОДПИШИСЬ (@tnt_dance_5) 22 Дек 2018 в 12:07 PST
Екінші орынды израильдық Юви есімімен танымал 25 жастағы Юваль Ламай иеленді.
Публикация от ТАНЦЫ на ТНТ ПОДПИШИСЬ (@tnt_dance_5) 16 Дек 2018 в 12:27 PST
Қола жүлдені Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі алматылық Саша Ли жеңіп алды.
Маусымның финалдық кезеңінде Саша Ли Ювимен сахнада мюзикл ұйымдастырды. Бұл олардың бірге орындаған үшінші жұмысы.
Публикация от Александр Ли (@sanyalee555) 22 Дек 2018 в 11:33 PST
Айта кетейік, Александрдың финалға шығуына қазақстандық әнші, BlackStar лейблының мүшесі Наzима көмектескен еді.
Публикация от ТАНЦЫ на ТНТ ПОДПИШИСЬ (@tnt_dance_5) 16 Дек 2018 в 6:04 PST
Биші Алматыға келген соң Instagram желісінде отандастарына қолдаулары үшін алғыс білдірді.
Еске салайық, "Танцы на ТНТ" шоуының үшінші маусымында Риддер (ШҚО) қаласының тұрғыны Дмитрий Щебет жеңімпаз атанған еді. Жеңісінен соң ол анасына жаңа пәтер алып беріп, өзі жеке биші ретінде өнер көрсетіп жүр.