23 желтоқсан 2019 14:53

Қазақтың көрпесі Лондонда бірнеше мың фунтқа сатылады - министр

Камила Долаева Журналист

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарға аз салыммен қандай бизнеспен айналысуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарға аз салыммен қандай бизнеспен айналысуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда микро-, шағын және орта бизнеспен айналысқан тиімді. 

Реклама
Реклама

"Жұмыс істеу үшін мүмкіндік көп. Біз бұл бағытты дамытамыз, өйткені ол ішкі және сыртқы нарықта да конъюнктураға тез бейімделе алады. Көрші Ресей, Өзбекстанмен салыстырғанда біздің ішкі нарық шағын болғанымен, бұл жерде көптеген мүмкіндік бар. Алғашында күрделі процестерді талап етпейтін азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік өндіріс өнімдері бірінші кезекте тұр. Мысалы, қолмен жасауға болатын ойыншықтар. Мен шағын кәсіпорындарға осы істі игеруге кеңес берер едім. Сондай-ақ, өте маңызды бағыт - туризм", - деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, болашағы бар кәсіп түрі - тері мен жүннен жасалған өнімдер шығаратын шеберханалар. 

"Нұр-Сұлтан әкімі болғанымда өте қызық бағыттарды дамытумен айналыстық. Қазақтың қоспа, көрпесі Лондон базарларында бірнеше мың фунтқа (1 доллар - шамамен 0,77 фунт) сатылуы мүмкін екен. Бұл үй шаруасындағы әйелдер жасай алатын жұмыс", - деді министр нарықтағы бос орындар туралы сұраққа жауап бергенде. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram