ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2019 | 11:31
Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығы: 9 қалада 17 іс-шара өтеді
Кенен Әзірбаевтың 135 жылдық мерейтойына арналған "Әнім қалсын" атты концерт өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кенен Әзірбаевтың 135 жылдық мерейтойына арналған "Әнім қалсын" атты концерт өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында.
25 қазанда Қазақ Ұлттық өнер университеті Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Жастар жылы" аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен халық ақыны, қазақтың әншілік-жыршылық өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері - Кенен Әзірбаевтың 135 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық концерт өткізеді.
Сондай-ақ, биыл ақынды еске алу мақсатында еліміздің 9 қаласында 17 іс-шара өтеді.
1994 жылы Кенен Әзірбаевтың туған жеріне ат басын бұрған Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: "Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі Кенен атамыз ел тарихында, халық есінде мәңгі сақталмақ. Аты аруаққа айналған Кенен атаның арманы ел бақыты, халықтың бірлігі, ұрпақтың баянды болашағы еді. Осы аруақ бізді қолдасын. Егемендігіміз, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!", - деп ақынның аруағына тағзым еткен.
Кенен Әзірбаев Жамбыл облысы Қордай ауданының Мәтібұлақ елді мекенінде дүниеге келген. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен атамыз өзі өмір сүрген замандағы халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болды. Соларға етене араласып, өзінің азаматтық позициясын бойындағы буырқанған дарыны арқылы білдіріп отырды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысқан Кенен Әзірбаев "Бұлбұлға" деген әнінде: "Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр" деп сол кездегі патшалық саясаттың қарапайым халыққа көрсеткен қатігездігін дөп басып айтады. 1930 жылдардағы қазақ халқының басына қасірет болып келген ашаршылдықты да көзбен көрген. Күндей күркіреген Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Алатаудың ақиық қыранындай саңқылдап, "Біздің Отан жеңеді!" деп жар салды.
Кенен Әзірбаев - бейбіт өмір мен жасампаз еңбекті жырлаған көптеген толғау, поэмалардың авторы. Шығармаларының негізгі өзегі: тұтас халықтың өмірі мен пенде ретіндегі әрбір жеке адамның арман-үміті. Ол - тыңдаушысының құлақ құрышын қандырған әнші, таңды-таңға ұрып эпикалық жыр-дастандарды жырлап, халықтың рухани ұйтқысы болған талант иесі.
Показать комментарии
Читайте также