"Масқара". Галкин Димашты салған актрисаны сынап тастады

Ресейлік "Точь-в-точь" телешоуында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге пародия жасалды. Оны танымал актриса Валерия Ланская сомдады. Алайда қазылар алқасына актрисаның өнері ұнамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік "Точь-в-точь" телешоуында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге пародия жасалды. Оны танымал актриса Валерия Ланская сомдады. Алайда қазылар алқасына актрисаның өнері ұнамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік актриса шоу аясында Димаш Құдайбергенге ұқсатып грим жасап, "Любовь уставших лебедей" әнін орындап шыққан. Ланскаяның өнеріне актер Леонид Ярмольник, Максим Аверин, Михаил Боярский және Максим Галкин баға берген.

Алғашқы үш қазылар алқасы "Димашқа" жоғары балл - бестікті қойған. Алайда Галкин Ланскаяның өнері сәтсіз шыққанын айтқан. Ол актриса "Димаштың феномен даусын жеткізе алмағанын" айтып, оған үш балл қойған.  

Реклама
Реклама

"Мені кешіріңіздер, әрине, бірақ бұл сұмдық, масқара болды. Жоғары ноталарды алу үшін төменгі дауыспен "түйіліп" қалуға болмайды ғой. Димаш Құдайберген ерекше. Мен бұл образды таңдауға кеңес бермес едім. Сен өнер көрсеткенде ноталарды алған кезде қатты уайымдадым. Ол төменнен жоғары дыбысты алған кезде еркін болады. Бастысы - Димашта даусын басқару еркіндігі бар. Димашта бес октава бар, бірақ ол солармен ары-бері, дельтаплан сияқты ұшып жүреді. Бастысы - нота", - деді Галкин.       

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама