18 наурыз 2017 | 12:02

Нәубет заманда жер аударылып келгендерге пана болған қазақ халқы жайлы қойылымның премьерасы өтті

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында драматург Мәдина Омарованың "Көмбе нанның дәмі" драмасының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында драматург Мәдина Омарованың "Көмбе нанның дәмі" драмасының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спектакльде соғыс жылдарындағы қазақ жеріндегі түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген бауырмашылдығы, ашқұрсақ Қазақ халқының жер аударылып келгендерге жарты нанды бөліп берген мейрімділігі суреттеледі. Оқиғаға арқау болған өзекті мәселелер диуана шалдың ащы айғайымен басталып, ұлдарынан қара қағаз келген аналардың мұң-зарымен жалғасады. Қойылымда халыққа төнген нәубет, жастар арасындағы махаббат, адамның жаманы болса да, ұлттың жаманы болмайды қағидасын ұстанған неміс шал, әскерилер, ауыл адамдарының образдары сәтті байланысып, көрермендерді еліктіріп әкетеді.

Реклама
Реклама


© М.Әуезов театрының баспасөз қызметі

"Театр көктемі-2017" фестивалі аясында көрсетілген премьераға шетелден арнайы шақырылған театр сыншылары қатысып, шығармашылық құрам жұмысына жоғары баға берді. Қиямет-қиыншылығы қазақтың мойнына шылбыр болып ілінген, сұмдығымен тарихта қалған Кеңес өкіметінің саясатына қайшы болып көрінген ұлттарды туған жерінен айырып, жер аударту, өздері аш-жалаңаш қалса да, пана іздеген жұртты сыртқа теппеген қазақ халқының бойына ғана тән ұлы қасиеттерді ұлықтайтын қазақ сахнасындағы қойылымдар жиі қайталануы керек екенін баса айтты.


© М.Әуезов театрының баспасөз қызметі

Астана Жастар театрының директоры Н.Жақыпбай "Көмбе нанның дәмі" спектаклінің премьерасымен театр ұжымын құттықтап, бұл қойылым арқылы жаңа композиторды танығанын, көріп қуанғанын жеткізіп, М. Омарованың еңбегін жоғары бағалады.

О.Қыйқымов, Д. Темірсұлтанова, Б. Қаптағай, Ш. Асқарова, Қ. Бейсеғалиев, М. Мұхтарұлы, Б. Қожа, Г. Жақыпова, Д. Анарбай, Д. Үсенова, Д. Жүсіп, Б. Манжігітов, А. Сатыбалдиева, А. Бекжанов сынды театр артистерінің актерлік ансамбліне көрермен ықыласы жоғары болды. Илья атындағы Мемлекеттік ғылыми зерттеу университетінің басшысы, Өнертану докторы, Лаша Чхартишвили Д. Жүсіптің актерлік шеберлігін кәсіби түрде жоғары бағалап, өз ықыласын жеткізді.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Кәкішованың режиссерлігімен сахналанған қойылым келген қонақтар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, спектакльдің премьерасы кеше, 17 наурызда өтті. Драма 19, 25 наурыз күндері тағы да сахналанады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная