Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді

Асанәлі Әшімов. © Ярослав Радловский

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Асан?лі ?шімовке "?аза?станны? е?бек ері" ата?ын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді", - делінген Ақорданың Twitter желісіндегі хабарламасында. 

КССР мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КССР мен Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов көптеген рөлдері арқылы Қазақстанның ең танымал актеріне айналған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, биыл көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, ұлағатты ұстаз, Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық фестивальдердің бірнеше мәрте жүлдегері, "Отан" орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының төрағасы, ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне мол тәжірибесі, абырой-беделімен елеулі үлес қосқан Асанәлі Әшімов 80 жасқа толып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news8
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама