ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2017 | 14:32
Ноғаев күй байқауының жеңімпазына 1 миллион теңгелік сертификат табыстады
Атырауда күйші Әзидолла Есқалиев атындағы "Алтын домбыра" IV республикалық күй байқауы өтті. 19 өнерпаз бағын сынаған сайысқа күйші-домбырашы, фольклортанушы Айтжан Тоқтаған бастаған қазылар алқасы төрелік етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда күйші Әзидолла Есқалиев атындағы "Алтын домбыра" IV республикалық күй байқауы өтті. 19 өнерпаз бағын сынаған сайысқа күйші-домбырашы, фольклортанушы Айтжан Тоқтаған бастаған қазылар алқасы төрелік етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күй додасының жабылу салтанатына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.
"Өнерге қызмет етсе, оған бір адамдай Әзидолла ағамыз қызмет етті. Оған куә жолдастары, осы жерде отырған әріптестері, шәкірттері, қала берді сіздер мен біздер. Әзағаң кезінде атақ та, абырой да - ештеңе сұрамай барлығына өз еңбегінің арқасында жетті. Соған шүкір. Ең бастысы халқының ыстық ықыласы, өзінің аянбай қылған қызметінің арқасында жинаған абыройы бар", - деді Нұрлан Ноғаев аты аңызға айналған күйші туралы.
Өңір басшысы мұндай шаралардың қоғамның рухани жаңғыруы үшін маңызы зор екенін де айтты.
"Елбасымыздың қабылдаған "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы бұл - сананы жаңғырту, еліміздің азаматтарының бойындағы рухты ояту, мәдениетке, дәстүрге деген құлшынысты үдете түсу. Осы бағытттағы істер біздің облыста да жарасымды жалғасын тауып келе жатыр. Оған ең бірінші себепкер - Елбасы бағдарламасын қоғамның, халықтың қолдап отырғандығы", - деді ол.
Сайыстың қорытындысы бойынша, байқаудың бас жүлдесі және 1 миллион теңгелік сертификат Д.Нұрпейісова атындағы xалықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің ұстазы Жәнібек Жәмиевке бұйырды.
I орын және 700 мың теңгелік ақшалай сыйлық Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 4 курс студенті Асылбек Дәулетияровқа берілді. Ал, II орынды және 500 мың теңгелік сертификатты Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті Ақбөкен Темірге, Д. Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ xалық аспаптар оркестрінің артисі Ринат Ғимыранов иеленді.
Жүлделі III орынды Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Әнуар Зинеденов, Әліби Нышан және Әйгерім Неталиевалар тең бөлісті. Олардың әрқайсысы 300 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Байқаудың дипломанттарына 100 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар табысталды.
Күй байқауының салтанатты шарасында Әз-ағаның жары Жаңылсын апа көрнекті күйшінің өнегелі ғұмырындағы естелігін бөлісті.
ҚР Халық әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, бүкілодақтық орындаушылар байқауының лауреаты, профессор Әзидолла Есқалиев шебер орындаушы ретінде бірнеше дүркін xалықаралық байқаулардың лауреаты, бүкілдүниежүзілік фестивалінде қазақстандық өнерпаздар арасында бірінші болып "Алтын медалды" иеленген. ҚР Халық әртісі Құрманғазы атындағы консерваторияның профессор-ұстазы ретінде Қаршыға Аxмедияров, Айтқали Жайымов, Айгүл Үлкенбаева сынды домбырашылар ұрпағын тәрбиелеп шығарған.
Показать комментарии
Читайте также