ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 мамыр 2016 14:01
Нұргүл Ертаева РБК телеарнасының тележүргізушісі болды
Bank RBK директорлары кеңесінің мүшесі, меценат және қоғам қайраткері Нұргүл Ертаева РБК телеарнасының "Культура как бизнес" бағдарламасының жүргізушісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның қатысуымен болған бағдарламаның бірінші шығарылымы 1 мамырда көрсетілді. "Мультимедиа Арт Музей" және "Московский дом фотографии" директоры Ольга Свиблова бағдарламаға қонақ болып келді. Ол Ертаеваға бизнестің мемлекетпен қарым-қатынасы, музейге кіру билеттерінің баға құрылымдауы, өнер құралдарын сатып алу және галереяның табыс көздері жайлы айтып берді.
Айта кетейік, Нұргүл Ертаева - қазақстандық Classic радиосындағы "Игра в бисер" бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар, ол мәдениеттанушы әрі журналист Зира Наурызбаеваның "Қазақтардың мәңгілік аспаны" кітабын шығаруға көмектескен.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу