18 мамыр 2017 | 13:47

Нұрлан Ноғаев: Ортамызда жүрген азаматтарды тірісінде құрметтейік

© Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырауда белгілі ақын, драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 70 жылдық мерейтойына арналған "Өмірге өлең керек" атты ән-жыр кеші өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда белгілі ақын, драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 70 жылдық мерейтойына арналған "Өмірге өлең керек" атты ән-жыр кеші өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Сәбит Досанов, Ақұштап Бақтыгереева, Қасымхан Бегманов, Бауыржан Халиолла, Бақытгүл Бабаш, Әлия Дәулетбаева сынды ақындар мен Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, қазақ ұлттық әндерін орындап жүрген Татьяна Бурмистрова сынды әншілер келді.

Реклама
Реклама

Салтанатты шара Серік Тұрғынбекұлының "Мұқағали" драмасымен басталып, ақынның ән-жырларымен жалғасты. Айта кетелік, "Махамбет" атындағы драма театры қойған қойылымның режиссері - Жанат Телтаев.

Жиында сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өлеңнің адам өміріндегі рөлін ерекше бағалап, ортада жүрген азаматтарды тірісінде құрметтеуге шақырды.

"Елбасымыздың "Рухани жаңғыруында" аталып өткен  межелерге жету үшін атқарып жүрген істеріңіз алдарыңыздан қайтсын. Баршамызды осы игі істердің жанынан табылуға жазсын. Адамның әлдиінен бастап, шығарып салып жатқандағы жоқтауының екі ортасында - қызығы да, шыжығы да, ауыртпашылығы да мол қамшының сабындай қысқа өмірде өлең әрқашан қасыңда жүреді. Табиғат берген дарынның арқасында елдің жазушылары, ақындары қоғамның қуанышын да, қайғысында өлең арқылы жеткізуге тырысады. Арамызда жүрген азаматтарды ертең кеткесін "әттеген ай, құрмет көрсете алмадық қой деп шынтағымызды тістеуге ұмтылғанша", бар кезінде құрметтеп, бар кезінде қолпаштайық", - деді Нұрлан Ноғаев.


© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақын Сәбит Досанов Атырау өңірінің өнерге деген ықыласына, қамқорлығына ризашылығы білдірді.

"Ақындары әкімдерін іздесе, ондай елдің маңдай соры бес елі, әкімдері ақындарын іздесе, бақыт нұрын кешеді. Атырау өлкесінің қазақтың ұлан-байтақ өлкесінде алатын орны ерекше", - деді ол. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная