11 наурыз 2021 | 09:56

Оңтүстік Кореяның атақты "Маска" шоуы елімізде көрсетіледі

Қазақстанда Оңтүстік Кореяның атақты "Маска" шоуы көрсетіледі, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Оңтүстік Кореяның атақты "Маска" шоуы көрсетіледі, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, музыкалық шоудың басталуына 10 күн қалды. Әлемнің 50-ден аса елінде танымал болған бағдарлама "Хабар" телеарнасында эфирге шығады. Бұл шоу бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Кореяда пайда болған.

Оңтүстік Кореядағы шоудың атауы біршама ұзын - "Бетін жасырған алаяқ-король" деп аталған. Кореялық кейіпкерлер жануар, жеміс немесе көкөніс кейпінде жүреді.

Реклама
Реклама

Кореялық шоуға 14 кейіпкер қатысады. Көбіне олар - кәсіби әншілер. Арасында әлемде танымал әртістер бар. BTS әншісі Чон Гук та қатысты. Ал рок-музыкант Ха Ен У өз дауысының кең диапазонын көрсетті және оны ұзақ уақыт бойы ешкім таныған жоқ.

Қазақстан - "Маска" шоуы көрсетілетін 55-ші ел. Кореядағыдай 14 адам қатысады. Олардың екеуі алтын адам мен көбелек маскасын киіп шығатыны белгілі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram