Павлодарда Естай музейі ашылды

Павлодарда Естай музейі ашылды

Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайының екінші қабатында Естай Беркімбайұлының музейі ашылды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайының екінші қабатында Естай Беркімбайұлының музейі ашылды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Портал мәліметінше, бұл жерде Естай бабамыздың қолжазбалары, шығармалары мен шығармашылығына қатысты құжаттар жинақталған. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самал Бегалинова айтып өткендей, бұл игілікті іс "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асқан. 

Жарнама
Жарнама

Мұражайдың ашылу салтанатына қатысқан белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты Бақтияр Тайлақбаев осынау шараны қолға алған қала басшылығы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне алғысын білдірді.

"Бүгін мен үшін қуанышты күн. Неге десеңіз, дәл қазір Павлодарда айтулы рухани-мәдени мереке өтуде. Естай бабамыздың әндерін тыңдап өсіп, кейін сахнада айтып жүрдік. Естайдың әндері менің репертуарымда ерекше орын алады", - дейді Бақтияр Тайлақбаев.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама