Қарағандыда оқушылар электронды домбыра жасап шығарды

© 24.kz

?ара?андыда?ы Назарбаев зияткерлік мектебіні? о?ушылары ?зі ойнайтын электронды домбыраны ойлап тапты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өзі ойнайтын электронды домбыраны ойлап тапты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, екі шекті аспап Қазақстан бойынша алғашқы түпнұсқа болып саналады. Ұлттық аспап адамның көмегінсіз-ақ өзі күй ойнай алады. Аталмыш жобаны құрастыру үшін оқушылар небәрі бір күн жұмсаған. Ал бағдарламаны іске қосуға бір апта уақыт кеткен.

Әзірше бұл домбыра қазақтың "Еркемай" күйін орындайды. Алдағы уақытта оқушылар бағдарламаға жаңа күйлерді енгізбекші.

Реклама
Реклама

"Домбыра біздің, қазақ елінің рухани байлықтарымыздың бірі деуге болады. Домбырада бұрыннан бері ата-бабаларымыз ойнап жүрген. Сондықтан жастарға рухани жаңғырту кілті ретінде көрсететін болсақ, қазақ елін алға жетелейтін боламыз", - деді 10 сынып оқушысы Ерасыл Тұраров. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама