Қазақстандық мүсінші халықаралық мұз бен қар фестивалінде жүлдегер атанды

Талғат Әбділдаев

Хоргоста өткен мұз және қар фестивалінде қазақстандық Талғат Әбділдаев II орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үшінші орын Қазақстаннан барған тағы бір мүсінші Талғат Жұмағұловқа бұйырды. Олар Жүргенов атындағы өнер академиясының "Сурет өнері, мүсін және дизайн" факультетінің студенттері.

Реклама
Реклама

Әбділдаевтың айтуынша, алты мүсінді дайындауға төрт күн уақыт жұмсалған. Ұсынылған жұмыстардың ішінде "Бәйтерек", "Ұмай-Ана", "Алтын Адам", "Еркіндік", "Қорқыт үні" және "Сақ барсы" бар. "Бұл менің мұзды ойып мүсін жасаудағы алғашқы тәжірибем. Дегенменмүсін жасау саласында 11 жылдан бері жүрмін. Бұған дейін сурет өнерінен бас жүлде жеңіп алдым. Erasmus бағдарламасы бойынша жарты жылдай білім алдым", - деді ол.

 


Талғат Әбділдаев ұсынған суреттер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама