Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақыт Жанғалиева өмірден озды

Бақыт Жанғалиева

М?хтар ?уезов атында?ы ?аза? Мемлекеттік академиялы? драма театрында ?за? уа?ыт ?ызмет жаса?ан ?аза?станны? е?бек сі?ірген ?ртісі, "??рмет" орденіні? иегері Ба?ыт Жан?алиева ?мірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрды? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында ұзақ уақыт қызмет жасаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Бақыт Жанғалиева өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарты ғұмырын театрға және өнерге арнаған талантты актриса ел жадында еңселі образдармен есте қалды.

"Бұл қаза қазақ өнерінің қабырғасын қайыстырып кетті. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына қарашаңырақ атынан қайғыра көңіл айтамыз. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында дүйсенбі күні сағ.10.00-де өтті", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бақыт Жанғалиева 1947 жылы 11 маусымда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Айшуақ ауылында дүниеге келген. 1969 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өнер көрсеткен.

Ол 1970 жылы Алматы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Жанғалиева осы театр сахнасында Бәтима (Т.Ахтановтың "Антында"), Баян, Ақтоқты (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Айман (М. Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Шырын (Н.Хикметтің "Фархат - Шырынында"), Ақбала (Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тері") және тағы да басқа рөлдерді орындады. Гастрольдік сапармен Ресей, Франция, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, т.б. шет елдерде және Қазақстан қалаларында болып өнер көрсеткен. Сондай-ақ, "Соңғы ызғар", және "Намыс" кинофильмдеріне түскен. "Құрмет" грамотасымен марапатталған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама